Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

6.10.2025

2025 жылғы 29 қыркүйек – 04 қазан аралығында еліміздің барлық өңірлерінен келген учаскелік полиция инспекторлары, ӘЗЗҚБ қызметкерлері үшін «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқыту барысында қатысушылар Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері, халықаралық құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік саласындағы заңнамасы, зорлық-зомбылық психологиясы және отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысушылардың мінез-құлқының ерекшеліктері туралы теориялық білім деңгейлерін арттырды.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.