Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі курсы

11.10.2025

2025 жылғы 6-11 қазан аралығында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген учаскелік полиция инспекторлары мен ӘЗЗҚБ қызметкерлері үшін «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның профилактикасы жөніндегі полицияның қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқыту барысында полиция қызметкерлері гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алудың теориялық білімдерін жетілдіріп, халықаралық құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік мәселелерін реттейтін ұлттық заңнамасын зерттеді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық психологиясы және отбасы-тұрмыстық жанжал қатысушыларының мінез-құлқының ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.