29.04.2021
2021 жылдың 29 сәуірінде 3 курс курсанттарымен “Заңгер-психолог” ғылыми үйірмесі шеңберінде ІІО кәсіби-психологиялық дайындық және басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Т.Е. Бисеновамен “Этносаралық толеранттылық-қазіргі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің кепілі ” тақырыбында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған кезектен тыс онлайн отырыс өткізілді.
Сабақ достықты, толеранттылықты және патриотизм рухын тәрбиелеуге бағытталған. Адамдар арасындағы өзара құрмет пен өзара түсіністікті нығайту саясатына қызмет ететін қазіргі қоғамдағы этносаралық толеранттылық мәселелері қаралды.
КПДжІІОБ кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Т.Е.Бисенова







