Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы

29.09.2023

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы  Ақтөбе заң институты базасында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп «Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараның ашылуында, Ақтөбе заң институтының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиев конференция тақырыбының өзектілігі жөнінде – есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз өткізу, сондай-ақ оларды тұтыну және тәуелді адамдарды оңалту қажеттілігінің мәселесінен туындағанын атап өтті.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, PhD докторы, полиция полковнигі Б.К.Амирханов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі М.М.Сейталин, Батыс өңірінің ЕҚІБ бастықтары, прокуратура, сондай-ақ отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері және т.б. сөз сөйледі.

Қорытындылай келе, конференцияға қатысушылар бірқатар мәселелерді талқылап, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда кешенді, дәйекті және жүйелі сипатта болуы тиіс екенін атап өтіп, есірткіге қарсы бағыттағы іс-шараларды өткізу мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ елдегі есірткі жағдайының болашақ тұрақтылығының кепілі ретінде, жастардың оларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.