20.09.2025



Институтта қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевтың ата-анасы қатысты. Еліміздің бейбіт өмірі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен айбынды тәртіп сақшысының ата-анасына құрмет көрсетіліп, Ішкі істер министрлігінің алғыс хаты және төс белгісімен мараппаталды. Батырдың әкесі Нұрділлә Танағұлов институт музейінің қорына ұлының естелік заттарын табыстады. Сонымен қатар Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт түлегінің құрметіне ашылған сыныпта жас сақшылармен жүздесіп, отансүйгіштік пен елге адал етудің маңызына тоқталды.






