28.03.2022
Динара Дүйсенбаева — ел чемпионатының жеңімпазы
23-27 наурыз аралығында әмбебап жекпе-жектен Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысқан Дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция майоры Дүйсенбаева Динара Арғыновна 1 орынға ие болды.
Бұл жарыс — Ташкентте өтетін әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатының іріктеу кезеңі.
Институт басшылығы, жеке құрамы, курсанттармен тыңдаушылар құттықтап, алдағы әлем чемпионатында үлкен жеңіс тілейді!








