Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАР: БЕЛГІЛЕРІ, АЛДЫҢ АЛУ ЖОЛДАРЫ»

22.02.2023

Деструктивті идеологияның таралуының алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ережелерін түсіндіру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және дәріптеу бойынша тәрбие және идеологиялық жұмысты күшейту мақсатында «Деструктивті діни ағымдар: белгілері, алдын алу жолдары» тақырыбында институт тыңдаушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін АНСАР ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері теолог Искаков Медет Нұрлыбекұлы және психолог Ақжол Нұрланұлы Қасенов шақырылды.

Орталықтың  мамандары деструктивті діни ағымның белгілері, қауіптілігі мен сақтану жолдары бойынша дәріс жүргізіп деструкивті діни ағымдардың психологиясына тоқтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.