Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «Заң бәрімізге ортақ»

16.11.2022

2022 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш және кафедраның аға оқытушысы полиция майоры Г.Н.Тоқпанбетова «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» профессорлық оқытушылық құрамы және 1 курс студенттерімен біргелікте өткізілген «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге қатысты.

▫️Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты – жаңа Қазақстандағы жастардың заң талаптарын бұзбауы мәселелері, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыс және қылмыстық теріс қылық туралы түсінік беру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, қылмыстық құқықбұзушылық фактілеріне жол бермеу қағидаттарын бұлжытпай орындауға патриоттық рухтарын ояту, сонымен қатар өздерінің біліміне және болашағына деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау болып табылды.

Кездесу барысында жастарға қазіргі уақытта студенттердің арасында және жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алып жататын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Заңды барлық мемлекеттік қызметкерлер де сақтауы керек және біздің мемлекетіміздің азаматтары да заңға бағынуы керек. Заң бәрімізге ортақ.