Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі»

17.11.2022

2022 жылғы 17 қараша күні Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы аясында өткізілген «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбындағы  дөңгелек үстелге қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты –  оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өзекті проблемалар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ұсақ бұзақылық, ұрлық, қорқытып алу, бұзақылық секілді қылмыс түрлеріне қолданылатын жазалау шаралары жеткізіліп, заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін туындайтын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік салдарлары түсіндірілді.

Кездесуге қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелерін, олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сақтау тетіктерін, балалар мен жасөспірімдер проблемаларына қоғамның назарын аударту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.