Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Дөңгелек үстел

12.12.2021

10 желтоқсанда – Халықаралық Адам құқығы күніне орай жалпы заң пәндер кафедрасының оқытушылық құрамы полиция подполковнигі А.С.Абилова және полиция капитаны Г.Т.Симанова Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының 8-9 сыныптарға ұйымдастырылып өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел оқушыларға БҰҰ Бас ассамблеясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған халықаралық құжат «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» туралы мағлұмат беру, құжаттағы адам құқықтары мен бостандықтары туралы қағидаларды меңгеру, халықтар мен қатысушы мемлекеттердің алдына қойған міндеттері туралы ақпараттар жеткізу мақсатын көздеді.
Декларацияда көрсетілген “Білім беру адамның жеке басын толық жетілдіруге және оның құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс» деген норма әрқашан жас ұрпақтың басты назарында болуы тиіс.