20.10.2021
20.10.2021 ж. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық саясат және қылмыстың алдын алу мәселелерін зерттеу орталығы “online” (Zoom) форматында Қазақстан Республикасы, Ресей жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының, сондай-ақ тергеу органдары мен прокуратураның практикалық қызметкерлерінің қатысуымен Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Біздің институттан қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Е. А. Церковнова “Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесінде цифрлық дәлелдемелерді пайдаланудың кейбір проблемалары” тақырыбында баяндама жасады, ол өз баяндамасында қылмыстық істерді дәлелдеуде электрондық (цифрлық) деректерді пайдаланудың кейбір мүмкіндіктерін, оның ішінде компьютерлік желілерден ақпаратты алу мәселелерін және осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы проблемаларды түсіндірді.








