27.10.2025



Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы мен оқытушысы полиция майоры К.Жакенов және полиция лейтенанты Д. Аманжолов Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» кадет сыныптарының оқушыларына «Заң және тәртіп» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Сабақтың өткізуі кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.






