Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Дәріс сабағы

20.10.2025

2025 жылдың 20 қазан күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс курсанттарына Қазақстан тарихы пәнінен пәнаралық тәжірибе алмасу мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих және География факультетінің Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Избасарова Гулбану Болатовна дәріс сабағын оқыды.
Гулбану Болатовна бірнеше жылдан бері тарих ғылымына еңбегі сіңген ғалым, дәріс сабағында курсанттарға тың ақпараттарымен жәнеде өзінің ғылыми жаңалықтарымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының және Қ.Жұбанов АӨУ Профессорлық-оқытушылар құрам арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтпақ.