Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Цифрлық гуманитаристика

22.05.2025

2025 жылғы 22 мамырда Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында «Цифрлық гуманитаристика: өңірлік ЖОО арасындағы пәнаралық ынтымақтастықтың даму болашағы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысына профессорлық оқытушы құрамы және 1 курс магистранттары қатысты. Қатысушылар цифрлық гуманитаристиканың даму бағыттарын және өңірлік ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын талқылады.