2.11.2021
Курсанттарды белсенді дене қызметіне ынталандыру, спорттық дайындық деңгейін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру мақсатында, дене шынықтыру кафедрасы курсанттар мен тыңдаушыларға ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ибраев Рустам @ibrayev_rustam және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан Әлем чемпионы Қуанов Есетпен @yesset.kuanov кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында чемпиондарға спорттық қызметке, жетістіктерге, жаттығу әдістемелеріне, тамақтануға, психологиялық дайындыққа және өзін-өзі жабдықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Жәнеде атақты спортшылар спортзалда курсанттар үшін дзюдодан шеберлік сабағын өткізуге уақыттарын бөлді.









