Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

Абай Құнанбайұлы 180 жыл

21.04.2025

Институт кітапханасында курсанттарға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасына айналған Абайдың өмірі мен шығармашылығын паш ететін кітаптарды таныстыру арқылы білім алушылардың оған деген құрмет пен мақтаныш сезімдері артты.

07.04.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкері полиция подполковнигі А.А. Салимов Өскемен қаласының №13 және №16 орта мектептерінің оқушыларына институтқа жоғары білім алуға оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстырды.

05.04.2025

Біліктілікті арттыру курсының білім алушыларына арналған “Жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату” тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл тренинг жасөспірімдермен тиімді байланыс орнату жолдарын қарастырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін түсіну мен құрметтеу маңызды екендігін көрсетті. Барлық қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы әдістер мен кеңестер алды. Әріптестерге жасөспірімдермен жұмыс істеуде табыс тілейміз!

04.04.2025

Институтымыздың қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері қатысуымен жиын өтті.Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов тәлімгерлер кеңесінің ІІО жас қызметкерлерін тәрбиелеуде маңызы қашанда жоғары екендігіне тоқталып, институттың жас қызметкерлерінің кәсіби дамуын жетілдіруге қатысты тәлімгерлердің ұсыныстарын тыңдады.