- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Отаншылдық, білімге …
Бекітілген оқу сабақ кестесіне сәйкес, арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларымен 2021 жылғы 11, 12 қараша күндері институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен №6655 ә/б полигонында Калашников автоматынан оқу-тәжірибелік атыс сабағы өткізілді, оқу-тәжірибелік атыс сабағы басталғанға дейін тыңдаушылармен АТД кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 7 шақырымдық арақашықтықта жүріп өтті.
Оқу процесінің тәжірибелік-бағдарлануы қазіргі заманғы ведомстволық білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Ақтөбе облысы ПД бөлімшелерінің базасында институт курсанттары мен тыңдаушылары үшін сабақтар өткізуді тәжірибеде қолданады.Ағымдағы жылдың 2-10 қараша аралығында “Криминалистика” пәні аясында Ақтөбе облысы ПД кинологиялық қызмет …
2021 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тапсырмасының, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасы БП ҚСжАЕК Ақтөбе облысы бойынша бөлімінің прокуроры 2-сыныпты заңгер Н.М.Құрмантаев қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, институттың тыңдаушылары мен курсанттары үшін таныстыру …
Бүгін Ақтөбе заң институтына Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі О.Ж. Жолдасов жұмыс сапарымен келіп, жеке құрамға жаңадан тағайындалған басшыны және құқық қорғау құрылымдарының жоғары білім берудегі реформаларын енгізу, инновациялар, жаңа арнайы курстар мен пәндер туралы міндеттермен таныстырды. Институт аумағы бойынша экскурсия барысында КСД бастығы институттың материалдық-техникалық …
Өмірлерінің әр минутын қауіпке төндіріп, отан алдындағы борышын адал атқарып өткен қызметкерлер қаншама? Соның бірі – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2016 жылғы түлегі полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев.2016 жылдың шілде айында Алматы қаласында лаңкестік шабуыл кезінде өзгелерді қорғау үшін кеудесін оққа тосқан полиция лейтенанты Мейрамбек Нурдиллаұлы Рахматуллаевтың …
Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздігіне орай институт қабырғасында «Еңселі егемендік» атты курсанттар мен тыңдаушылар арасында көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Байқауда қатысушылар патриоттық рухты насихаттайтын, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін, Қазақстан Тәуелсіздігіне, Отанға, елге арналған шығармалар оқыды. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1 орынға ие болған 4 курс курсанты қатардағы полиция Кадиров …
Дене шынықтыру кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, институтымыз қазақстандық еркін күрес шебері, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері Нұрислам Валентинович Санаевты және Ақтөбе облысының әйелдер грек-рим және еркін күресі федерациясының вице – президенті Дәурен Еркінұлы Жабасовты қуана қарсы алды. Курсанттармен кездесу барысында Нұрислам Санаев Токио – 2020 Олимпиада ойындары туралы эмоцияларымен бөлісіп, …
2021 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен бокстан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхит Тойлыұлы Дәуленбаевты еске алуға арналған ІІО офицерлері мен ардагерлері арасында волейболдан жарыс өтті.Жарыстың ашылу салтанатында институт бастығының м.а. полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсултанов сөз сөйлеп, …
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы полиция майоры Е.К.Балымов пен оқытушы-әдіскері полиция капитаны Д.К.Каратикенова Нұр-Сұлтан қаласында 27-29 қазан аралығында өткен «Заманауи полиция қызметі: ХХI ғасырдағы тиімді, жан-жақты және қоғамға негізделген полиция қызметін құру» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар барысында ІІО жаңғыртудың озық …
|
|