Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАДА ИНСТИТУТТАҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БАЯНДАЛДЫ

13.10.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ғылыми зерттеу орталығының бастығы полиция подполковнигі А.Сахарбай “Қазақстан-Ақтөбе” телеарнасының “Қайырлы таң Ақтөбе!” бағдарламасына қатысып “Отбасылық тұрмыстық зорлықтың профилактикасы” тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар осы салада заңнамалардың өзгерістерімен таныстырды. Толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАР

04.10.2023

Институт бастығының көмекшісі полиция полковнигі М.Б.Алғожаевтың жетекшілігімен арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінің полигонында 5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс сабағы жүргізілді.Атыс алдында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларынан сынақтар қабылданып, қару мен оқ-дәрімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.