Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

5 тамыздан бастап Ішкі істер органдарының орта ,қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына іріктеуден өткен үміткерлер…

05.08.2024

5 тамыздан бастап Ішкі істер органдарының орта ,қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына іріктеуден өткен үміткерлер Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (екі ай) қабылданды.Білім алушыларға оқуда сәттілік тілейміз!

25.07.2024

Біздің үміткер қыздарымызда ер балалармен иық тірестіріп сынақ тапсыруда. Бүгін олар 100 м, 1000 м қашықтықтарға жүгіру, жатып дене көтеру жаттығулары бойынша бақтарын сынады. Нәзік жанды талапкерлерімізге ата-аналарымен қатар институттың психолог мамандары қолдау көрсетуде.

24.07.2024

Жетісу өңірінен келген үміткеріміз Әбілмансұр Айтмухамет спорттағы жетістіктері арқылы дене даярлығы сынақтарынан босатылды. Ол панкратионнан еліміздің 3 дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері, спорт шебері. Әбілмансұр бүгін дене даярлығынан сынақ кезінде Қазақстан Ақтөбе телеарнасының “Қайсар” бағдарламасына сұхбат берді.

Біздің үміткерлеріміз үшін ең маңызды сәт жақындап келеді.

24.07.2024

Олар ешқандай қиындыққа берілмей, қойылған талаптарды орындап сынақтардан сүрінбей өтіп жатыр. Ата-аналарының қолдауы оларға ерекше дем беруде.

22.07.2024

Бүгін институт басшылығы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп үміткерлермен, олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Талапкерлерге конкурстық іріктеу кезеңінде алаяқтық және жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

21.07.2024

Көздерінде от ойнар,Сөздерінде жалын барМен жастарға сенемін! Ақын Мағжан Жұмабаевтың жалынды өлең жолдары біздің талапкерлерге арналғандай.Мақсаты анық, арманы асқақ үміткерлерімізге ақ жол тілейміз!