Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

News

18.01.2025

Тазалық – денсаулық кепілі. Бүгін жексенбілік демалыс күні институттың курсанттарына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген монша пайдалануға берілді. Жаңа моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы, су жаңа заманға сай жабдықтармен және жарық әрі сәнді материалдармен қамтамасыз етілді. Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.Институт білім алушыларға сервистік жағынан жайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

18.12.2024

Институтымызда академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы жылғы 18 желтоқсанда Кәсіби даярлық факультетінің «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 1-курс курсанттарына «Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан басталды. Қазақстан тарихын білу әр азаматтың борышы. Оқу барысында алған теориялық білімдерін емтихан нәтижесімен дәлелдей алатындығына сенімдіміз. Курсанттарға сәттілік!