1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан үшін жанын қиған ерлердің ерлігін дәріптеу, соның ішінде Әлия Молдағұлованың қайсар мінезі мен батырлық жолын насихаттау.
2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырларға тағзым» тақырыбында курсанттар мен тыңдаушылар арасында өлең оқу сайысы өтті.Іс-шара барысында әскери тақырыпта патриоттық өлең оқу бойынша барлығы 14 оқу тобынан сайыскерлер қатысып, ерлік, батырлық туралы ақындардың жырларын нақышына …
Институттың 1 курс курсанттары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін баяндайтын тарихи-биографиялық музыкалық пьеса “Әлия” мюзиклін тамашалады. Шығармада оның қиын балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылады. Әлияның мінезге бай болмысы арқылы қазақ …
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында институт басшылығы ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, тылда жан аямай еңбек еткен ардагерлер Омар Балқатов пен Дәулетбай Құрманбаевтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Ардагерлермен кездесу барысында институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Сахарбай бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің …
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбедегі Даңқ обелискі “Мәңгілік алау” мемориалында дәстүр бойынша мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарының гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен курсанттары қатысып, жауынгерлер рухына тағзым етті.
Бүгін курсанттардың ата-аналар комитетінің мүшелері оқу орнының тыныс-тіршілігімен, курсанттардың күнделікті өмірімен, оқу-тәрбие процесімен жан-жақты танысу мақсатында институтымызға келді.Олар институт аумағын, оқу кабинеттерін, жатақханаларды, асхананы, спорт кешенін және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралап, курсанттарға жасалған жағдайлардың жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізді. Курсанттардың әскери тәртібі, тазалығы және оқуға деген ынтасы ата-аналар тарапынан …
Бүгін оқу ордамызда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.Институт басшылығы және жеке құрамы сапқа тұрғызылып, бір минут үнсіздікпен батырға құрмет көрсетіп, рухына тағзым етті.
Ағымдағы жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен “Қазақстан достық шаңырағы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің координаторы Есенбол Амангелдіұлы Азиев, “Қоғамдық келісім” КММ-нің бөлім басшысы Марғұлан Нұрмағамбетов , “Вайнах” шешен ұлтының этномәдени бірлестігінің төрағасы Насруди Сайталиевич Саламов қатысты.Шара барысында халқымыздың бай мәдениеті …
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың қызы Шахизада Малкеждарқызы Ақтөбе заң институтына ат басын тіреп, Малкеждар Бөкенбаевтың жерленген бейітінің басына барып, әке рухына тағзым етті.Институт аумағында орналасқан батыр бабасының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Оқу орнының тыныс-тіршілігімен, мұражайдағы М.Бөкенбаевқа арналған бұрышпен танысып, …
Бүгін, 7 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында өткен салтанатты әскери парадты институттың курсанттары ерекше ықыласпен тамашалады.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қуатын, сарбаздардың жоғары дайындығы мен рухын паш еткен бұл ауқымды шара курсанттар үшін терең тарихи және тәрбиелік маңызы бар оқиға болды. Курсанттар парадты …
|