11 қарашада институтта ІІО Ардагерлер кеңесінің құрылу құрметіне орай «Ардагерлерді ардақтайық!» атты салтанатты шара өтті.Қазіргі таңда ардагерлер институт өміріне етене араласып, тәжірибесімен білімдерін қызметкерлерге және тыңдаушыларға сіңіре отырып, отансүйгіштік сезімін оятады, іскерлік және адами қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Институт бастығы ардагерлерімізге ІІО қызметінде сіңірген еңбектері үшін алғысын білдіріп, құттықтау лебізін …
Институтта 25 қазан – Республика күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Таңғы саптық жиын кезінде институттың жеке құрамы мен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары мемлекеттік Әнұранды орындап, ту ұстаушылар тобы көк байрағымызды салтанатты шерумен алып шықты. Институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев жеке құрамды ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, 2 …
20 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Республика күніне орай «Жасай бер, жаса Қазақстан» патриоттық акциясы өткізілді. Акцияға Қазанғап атындағы өнер мектебінің, «Заречный тұрғын алабы мектеп-балабақша кешені» оқушылары, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицейінің кадеттері қатысты. Идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Бекет Айсұлтан …
Институттың әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Ерланұлы Қуат Ф. Оңғарсынова атындағы 41 мектеп гимназиясының 8 кадет сыныбында ұйымдастырылған “Құқықтық сана—қоғамға пана” атты сайыстың қазылар алқасының құрамында төрелік етті. Сайыс оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп,өзгенің құқығын бұзбауға үйретуге бағытталды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, азаматтық қасиеттерге баулу, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру мақсатында 6 қазан күні Институтта Қ.Жубанов атындағы ААУ студенттеріне Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара студенттерге Институт тарихының таныстыруымен басталды. Экскурсия барысында студенттерге тыңдаушылардың жатын орны, саптық алаңы, кримполигонды, институт мұражайы, медицина бөлімін, кітапхана, …
Тілдер апталығының аясында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Х.Серғазина және Орталық директорының орынбасары Г.Н.Төлегенова Институттың тұрақты және ауыспалы құрамына «Латын графикалы қазақ әліпбиі: оқу, жазу» тақырыбында ақпараттық-лингвистикалық семинар-тренинг өткізіп, тіл саласындағы реформалар мен жаңашылдықтар туралы ақпаратпен бөлісіп, тренингтік жұмыстар жүргізді.
Мерекелік шарада құттықтау сөз алған Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Мұхаметқалиев “Бүгінде Конституция еліміздің мәртебесін көтерді, бірлігі мен келісімін нығайтып, егемендіктің кепіліне айналды. Ата Заң – барлық заңдардың бастауы. Оны орындау, құрметтеу әрбір асыл азаматтың парызы”, – деді. Сонымен қатар жеке құрамға Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М. Ахметжановтың құттықтау …
Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде СПОРТ КҮНІ аталып өтіледі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатады. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Осы орайда, Институтымыздың дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тыңдаушылар арасында марафон және велоспорт жарысы ұйымдастырылды. Спорт күніне арналған жарыстың жеңімпаздары мен …
Институттың әйелдер құрамы арасында “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Ихсан” орталығының теолог мамандары Исаева Алтынай және Бисембаева Роза семинар-тренинг өткізді.Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында әйелдің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берді.
к приказу №124 и.о.начальника АЮИ МВД РК им. М.Букенбаева «14» 10. 2021г. Приложение №___ ПОЛОЖЕНИЕ об отделе идеологической и имиджевой работе Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан имени М.Букенбаева 1. Общие положения Отдел идеологической и имиджевой работы (далее – Отдел) является структурным подразделением Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан имени М.Букенбаева, …
|