Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ИМИДЖДІК ЖӘНЕ ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖҰМЫС БӨЛІМІ

22.11.2024

Кәсіби психологиялық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының 11 класс оқушыларына өткізген кездесу барысында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы туралы түсіндірді. Сондай – ақ институтқа оқуға түсу туралы ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды. Соңында оқушылармен кері байланыс орнатылып, көкейтесті сұрақтарына жауап берілді.

«Бауырластар зиратында» сенбілік өтті

02.05.2024

Жеңіс күні қарсаңында біздің институт тыңдаушылары қалалық тұрғындарымен бірігіп Ақтөбе қаласындағы №13 және №15 мектептер базасында болған әскери жылдары госпитальда көз жұмған жауынгерлер жерленген «Бауырластар зираты» маңында сенбілік өткізіп, ретке келтірді.Сенбілікте қатысушылар аумақты қоқыс пен арамшөптерден тазартып, қоршауларды сырлады.