Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Psychologist’s blog

21.09.2024

3 взвод тыңдаушылары мен Экзамен алдында жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында курсантарға арналған тренинг өтті. Бұл тренинг қатысушыларға стрессті басқаруды, өз-өзіне сенімді болуды және дайындықты тиімді ұйымдастыруды үйретті. Курсантар тренинг барысында жағымды атмосферада белсенді түрде қатысып, өздерін толықтай дамытып, келесі сынаққа дайындықтарын арттырды.

19.09.2024

Бүгін бізде 102 топ курсанттары командалық жұмыспен ұйымшылдықты арттыруға арналған тренингке қатысты. Курсанттар өздерінің лидерлік қабілеттерін дамытып, бірлескен жұмыс арқылы тапсырмаларды орындады. Тренингтің басты мақсаты- курсанттардың бір-біріне деген сенімін нығайту.

10.09.2024

10 қыркүйек- Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні. Мақсаты – бүкіл әлемде суицидтің, алдын алуға болатындығы туралы хабардарлықты арттыру. Осыған орай, “суицидтің алдын алу” бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10.09.2024

Отбасы күні мерекесіне орай имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімі институт психологі М.Айболатқызымен бірлесіп 1 курс курсанттарына танымдық шара өткізді. Білім алушыларға елімізде ауқымды деңгейде өткізілетін Отбасы күнінің қоғамдағы рөлі жөнінде мәлімет берілді. Курсанттар психологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тренингтерге қатысып, жанұядағы тәрбие маңыздылығын сипаттайтын отандық “Тәрбие лагері” фильмін тамашалады.

05.09.2024

Тыңдаушылармен психологиялық көңіл-күй тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты: мазасыздық пен қысымның әсерін басу, позитивті ойлау дағдыларын дамыту, ұжымдағы келеңсізжағдайлардың алдын алу.

03.09.2024

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына жүйке психикалық, тұрактылықты анықтау негізінде диагностикалық тесттер өткізілді.

27.08.2024

9 взвод тыңдаушыларға ортаға бейімделу процесі туралы құнды ақпарат алып, жаңа дағдыларды меңгерді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасып, керемет атмосфера қалыптасты!

26.08.2024

Қыздар арасында тренингөткізілдіқыздар өз білімдерін шыңдап, жаңа дағдыларды меңгерді. Барша қыздарға белсенді қатысқан үшін рахмет.