17.02.2023
2023 жылғы 10 ақпанда ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, полиция подполковнигі В.Хасанова Ақтөбе қаласындағы №5 ОМ 9-11 сынып оқушыларына «Буллинг. Буллингтің алдын алу» тақырыбына дәріс сабағын өткізді.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг мәселелері, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық заңнама, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты кибербуллингтің алдын алу жөніндегі бастамалар, білім беру мекемелеріндегі буллингті, кибербуллингті және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі халықаралық тәжірибе, балаларды қорғау шаралары мен тетіктеріне шолу жүргізілді.
Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Іс-шараны өткізуі білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті.










