14.08.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқу орнымыздың тыңдаушыларымен арнайы кездесу өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты — болашақ заңгерлерді кафедраның қызметімен, ғылыми-зерттеу бағыттарымен және оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен таныстыру.
Кездесу барысында кафедра оқытушылары тыңдаушыларға кафедраның тарихы, оқытылатын пәндер және олардың маңыздылығы туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, криминология, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Оқытушылар тыңдаушыларға ғылыми үйірмелерге қатысу, конференцияларға баяндама жасау және мақалалар жазу мүмкіндіктері туралы айтып, оларды белсенді болуға шақырды. Бұл кездесу тыңдаушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, оқу процесіне жаңа серпін беретініне сенімдіміз.






