Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттеген Президент жолдауы

21.10.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыидеологиялық және иммидждік жұмыс бөлімі және жалпы заң пәндері кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен институттың профессорлық-оқытушылық құрамына, курсанттарға және алғашқы арнайы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2021 жылғы “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ақтөбе қалалық маслихат депутаты, «NurOtan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының депутаттық фракциясының жетекшісі Абай Дидарұлы Сақтағанов және Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлері ассоциясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Марат Айтуғанұлы Қойлыбаевжәне Ақтөбе қаласының қалалық маслихат депутаты Гүлмайрам Жанарысовна Габдушева қатысты.

Институт бастығының міндетін атқарушы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсұлтанов мемлекет басшысының пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, Ұлт жоспары аясында басталған реформаларды соңына дейін жеткізудің маңыздылығы, қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау мәселелері бойынша айтылған саналы бағыттары, сын-пікірлеріаясында тиімді сөз қозғауға ұсыныс жасады.

Кездесу қонақтары өздерінің ойлары мен баяндамаларында еліміздің қазіргі таңдағы бір орында тұрмай, заман ағымымен бірлесе дамуына ерекше мән берді.Сондай-ақ, Президент Жолдауының міндеттерін сапалы іске асырудың түрлі аспектілері бойынша Қазақстан үшін жаңа заманауи технологияны дамыту қажеттілігі,шыныменде пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесінде ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсеткенін, балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеудің аса қажеттілігі өткір мәселе болып қалатындығы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс екендігі  бойынша белсенді пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, кездесу қонақтары адам құқығын қорғау саласын арттыру үшін Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз – гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында отбасылық және гендерлік теңдік мәселесі бойынша, адам құқығын қорғау ісін жетілдіруге бағытталған стратегиялық бағдарымыздың одан әрі дамуы, құқық қорғау жүйесінде, соның ішінде өңірлерде полицияның сервистік моделі пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы айтып өтті. «Полицияның сервистік моделі» негізін сипаттауға болатын негізгі қағидат – Полиция –бұл халық, ал халық – бұл полиция екендігі және бұл үлгіні дамыту үшін полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру ең бірінші халықтың полиция қызметкерлеріне деген сеніміне, серіктестік қағидатына негізделген жағдайда ғана үлкен нәтижеге қол жеткізілетіндігі туралы санамалап айтып өтті.

Кездесу қонақтары Жолдауда қозғалған тіл саясатының ауқымын кеңейтумемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін,мемлекеттік тілді құрметтеу маңызды екендігіне ерекше тоқталды.

Марат Айтуғанұлы Қойлыбаевжастардың бойында патриотизмді қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуін қамтамасыз ететіні анық, сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән берілу керек,- деп ойын ортаға салып, тілге тиек етті.

Президент жолдауын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған кездесу соңында Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, тыңдаушылар мен курсанттар Президенттің барша қазақстандықтарға үлкен міндет қойып отырған бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдіріп, Жолдау туралы өз пікірлерін ортаға салып,өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық және мазмұнды жауаптар алды.

Қазақстан халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

Жолдауда белгіленген мақсат-міндеттер Мемлекет басшысының өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі. Ендігі кезекте бізге артылған үміт пен сенімге сенімді әрекет еткеніміз абзал. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруға бағытталған биылғы Жолдау еліміздің пандемиядан кейінгі дамуына бағыт беріп, одан әрі дамуына зор үлесін тигізеді деген сенімдеміз.