6.12.2021
2021 жылдың 06 желтоқсанында «Заңгер-психолог» ғылыми үйірмесі аясында ІІБ кәсіби-психологиялық дайындық және басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Т.Е. Бисенованың ұйымдастыруымен «Біздің қасиетті құндылығымыз- ел тәуелсіздігі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу күніне арналған кезектен тыс отырыс өтті.
Патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгіні және жарқын болашағы үшін мақтанышқа тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі», «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» бейнероликтері көрсетілді. Отырыс 16-взвод тыңдаушысының ғылыми үйірме қатысушысы Ф.Юнусовтің слайд-презентациясымен сүйемелденді.
Отырыс соңында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді ашып көрсеткен әдебиеттерге шолу жасалды.








