Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек

2.06.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек» деген ұстанымын жүзеге асыру барысында КОҚҰ кафедрасының доценті полиция полковнигі З.Нұрыш Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қызметкерлеріне «Заң мен тәртіп әділеттіліктің басты шарты» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет – заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру теңдік пен тәртіптің кепілі екеніне айрықша мән берілді.