17.10.2025



2025 жылғы 17 қазанда Актөбе заң институты мен Екі Мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Ж. Бегельдинов атындағы ӘҚК Әскери институты арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында біліктілігін арттыру курстарына келген ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері үшін бірлескен сабақ өткізілді. Сабақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану және оларды басқару әдістемесіне арналды.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлері таныстырылып, теориялық білім берілді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық макеттер көрсетілді. Сондай-ақ ұшқышсыз аппараттарды басқару бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Сабақ қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері ұшқышсыз технологияларды қызметтік іс-әрекетте пайдалану мүмкіндіктері жөнінде білімдерін кеңейтті.






