1.09.2025



Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға институт басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, курсанттар қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында институт бастығы, полиция полковнигі Ғ.Есболаев оқуға түскен курсанттарды құттықтап, оларға оқуда және қызметте табыс тіледі. Ол өз сөзінде білімнің маңыздылығын және болашақ полицейлердің кәсіби дайындығының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Биылғы оқу жылында институтқа еліміздің түкпір-түкпірінен жас курсанттар қабылданды. Осы күннен бастап оқу орындарының қабырғасында оқитын барлық жас мамандар ел тыныштығын сақтау жолында білікті маман болуға алғашқы қадамдарын бастады.






