31.03.2022
2022 жылдың 31 наурызы күні Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен және “Криминалист” ғылыми үйірмесінің мүшелері бірлесіп “Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алудың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Пікірталас шеңберінде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша алдын алу шараларын жетілдірудің өзектілігі, отандық заңнаманы одан әрі дамыту және білім беру ұйымдарында алдын алу саласындағы заманауи саясаттың үрдісі мәселелері қозғалды.








