Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушылармен көшпелі сабақ

24.04.2024

2024 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде оқитын патрульдік полиция қызметкерлері үшін «Патрульдік полиция бөлімшелері қызметкерлерінің қызметіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялар» тақырыбы бойынша көшпелі сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД Ақтөбе қ. ПБ Алматы ауданы № 25 УПП полиция сервистік орталығының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты, ішкі істер органдарының сервистік полиция қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, онда полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа нысандары мен әдістерін қолданудың маңыздылығы атап өтілді.