Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Біліктілікті арттыру курстары

14.11.2025

2025 жылғы 10–14 қараша аралығында Институт қабырғасында алғаш рет Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының психологтары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Аталған курстар аясында 11–12 қараша күндері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылармен (агрессорлармен) жұмыс істеу тақырыбында екі күндік оқу семинары ұйымдастырылды.
Оқыту жұмыстарын Германия елінің Фридрих Эберт қорының шетелдік және қазақстандық сарапшылары, сондай-ақ Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерімен, алдын алу шараларымен және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс жүргізу бойынша практикалық дағдыларды дамытуға өз үлесін қосады.