Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Біліктілікті арттыру курстары

29.10.2025

Ағымдағы жылдың 20-24 қазан аралығында құқық қолдану жұмысының мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция полковнигі Т.Б.Тажин, ІІМ ЖКД криминалисі, полиция майоры С.А. Сулейменов және ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Н.Т. Саханова Ресей Федерациясына (Волгоград қаласы) Ресей ІІМ Волгоград академиясының базасында «Цифрлық криминалистика, оқиға орнындағы цифрлық дәлелдемелермен жұмыс (ТМД елдері қатысушы мемлекеттердің ІІМ қызметкерлері)» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту жүзеге асырылды.
Курсты аяқтағаннан кейін «Цифрлық криминалистика, оқиға орнындағы цифрлық дәлелдемелермен жұмыс (ТМД елдері қатысушы мемлекеттердің ІІМ қызметкерлері)» біліктілікті арттырудың қосымша кәсіби бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы сертификаттар берілді.