20.09.2025



2025 жылғы 15–20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінен келген ювеналдық полиция қызметкерлері үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқыту барысында қатысушылар өз қызметіне тікелей байланысты заңнамалардағы соңғы өзгерістермен танысып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелердің теориялық және практикалық шешу жолдарын меңгерді. Сондай-ақ, алынған білім мен дағдыларды іс жүзінде тиімді қолдану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.






