4.04.2022
2022 жылдың 4 сәуірінде білікті маманды тарта отырып оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында, институт қабырғасында білім алып жүрген алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларына жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Абилованың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Полиция Департаменті кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Нысаналин Жақсылық Жоламанұлы «ІІО қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Кадр саясаты басқармасының бастығы ІІО қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайы, туындаған өзекті мәселелер туралы жете түсіндіріп, ерекше мазмұнда дәріс оқыды. Дәріс соңында тыңдаушылар тақырып бойынша көкейтесті сұрақтарын қойып, Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңғырту аясында пікірлермен алмасты.








