Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Батырларға тағзым

11.05.2025

2025 жылғы 9 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Батырларға тағзым» тақырыбында курсанттар мен тыңдаушылар арасында өлең оқу сайысы өтті.
Іс-шара барысында әскери тақырыпта патриоттық өлең оқу бойынша барлығы 14 оқу тобынан сайыскерлер қатысып, ерлік, батырлық туралы ақындардың жырларын нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сайыс қорытындысында үздік өнер көрсеткен 1 курстың 103-топ курсанттары 3-ші орын, 1 курстың 104-топ курсанттары 2-ші орын, алғашқы курс даярлық курсының 1-топ тыңдаушылары жүлделі 1-ші орынды иеленді.