Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

БАИШЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ «КРИМИНАЛИСТ» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ ӨТТІ

27.01.2023

2023 жылғы 27 қаңтарда оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жоспарын іске асыру мақсатында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С.М. Минайдаровтың жетекшілерімен «Криминалист» ғылыми үйірмесінің жұмысы шеңберінде ғылыми үйірме мүшелерінің және Баишев университетінің заң факультеті студенттерімен өткізілді.

Отырыста тыңдаушылардың: заттай дәлелдемелерді табу, тіркеу және алып қою; қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің объективтілігін, жан-жақтылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін ІІО бөлімшелерінің криминалистикалық техниканы пайдалануы; оқиға орнында тергеу-жедел тобының зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар мәйітті табу фактісі бойынша жұмысы; оқиға орнында заттай дәлелдемелерді жинау тәсілдері мен әдістері мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.