Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

“Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІО қызметі ” тақырыбындағы ашық семинар сабақ

5.11.2020

2020 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция подполковнигі Аманғали Сүгірұлы Махмутов 3-курс 302-оқу тобының курсанттарымен «ІІО әкімшілік қызметі» пәнінен №10 Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІО қызметі тақырыбындағы ашық семинар сабағын өткізді.

Семинар сабаққа институттың кәсіби даярлық факультетінің  және оқу-әдістемелік орталығының  оқытушы-әдіскерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар сабақ барысында курсанттар спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІО қызметінінің  құқықтық негіздері және осы іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ІІО қызметі туралы сұрақтарды талқылады.

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының

міндетін уақытша атқарушы

полиция подполковнигі 

А.Махмутов