Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«АЗАПТАУҒА ҚАРСЫ ТҰРУДЫҢ КЕШЕНДІ ШАРАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚТЫҚ ДӘРІС

14.11.2023

Ақтөбе облысының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы Меморандумды іске асыру мақсатында және академиялық ұтқырлық аясында 2023 жылғы 14 қарашада облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Кулумжанов Рустем Кеңесұы институттың профессорлық-оқытушылар құрамына, біліктілікті арттыру курсының және арнайы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына «Азаптауға қарсы тұрудың кешенді шараларын іске асыру» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.         

Дәріс жанданған және нәтижелі түрде өтіп, қатысушылар өзара пікір алысып, азаптауға қарсы мәселелер мен өзекті сұрақтарды талқылады.