27.07.2019
2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына Ақтөбе қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің Көкшетау техникалық институтының оқу орталығы базасында тәжірибелік сабақ өткізілді.
Оқу орталығына барған уақытта арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына төтенше жағдайлар аумағында әрекеттердің негізгі талаптары жеткізілді.
№22 өрттен құтқарушылар бекетінің тобымен жол-көлік оқиғалары кезіндегі негізгі талаптар мен әрекеттер көрсетілді, сонымен Голландияда жасалған арнайы «Holmatra» гидравликалық құралдардың қызмет етуі көрсетілді және тыңдаушыларға гидравликалық қайшыларды жұмыста қолдануға мүмкіндік берді.
Тәжірибелік сабақтың соңында газдан, түтіннен қорғану, өрт сөндіру құралдарын қолдану реті түсіндірілді.
















