16.02.2021
2020 жылғы 13 ақпанда 15 ақпан – КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты идеологиялық жұмыс бөлімшесі Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, “Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен онлайн кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары, №41, №63 орта мектеп полиция кадет сыныбының оқушылары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тиісті жауаптар алды.
Ауған соғысының ардагері Марат Айтуғанұлы өз кезегінде тәжірибесімен бөлісіп, болашақ полиция қызметкерлеріне қызметте табыс тіледі.
ІжСКБ инспекторы
Танкаева А.









