Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ата заң – заң мен тәртіптің тұғыры

29.08.2025

2025 жылғы 28 тамызда Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Алғашқы даярлық курсының тыңдаушылары арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – заң мен тәртіптің тұғыры» тақырыбында танымдық викторина өткізілді.
Викторинаға екі команда қатысты: «Адал азамат» және «Ұлы дала заңы».
Іс-шара IV кезеңнен құралған қызықты сайысқа ұласты.
Викторина барысында тыңдаушылар еліміздің Ата Заңы туралы білімдерін шыңдап, белсенділік танытты. Олар тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, заңға деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды.
Сонымен қатар, Конституция күніне орай тыңдаушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жүрек жарды өлең шумақтарын ұсынды. Бұл шараға ерекше рухани мән беріп, қатысушылардың патриоттық сезімін нығайтты.
Викторина, соңында үздік шыққан «Адал азамат» және «Ұлы дала заңы командасы Марапаттармен марапатталды.