Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АТА ЗАҢЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

29.08.2024

Бүгін Институтта Ата Заңымызды ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараны құттықтау сөзбен институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Мұхаметқалиев бастады. Сонымен қатар жеке құрамға Ішкі істер министрінің құттықтау телеграммасы оқылды.
Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Абилова Конституцияның тарихы мен басым бағыттарын қамтитын баяндамасын ұсынды.

Жиын барысында өз міндеттерін мінсіз атқарған қызметкерлер Ішкі істер министрінің грамотасымен, ведомстволық наградалармен марапатталды.

Мерекелік шара облыстық филармония өнерпаздарының және институт қызметкерлердің ән-күйлерімен жалғасын тапты.