Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ата-аналардың институт өмірімен танысуы.

9.05.2025

Бүгін курсанттардың ата-аналар комитетінің мүшелері оқу орнының тыныс-тіршілігімен, курсанттардың күнделікті өмірімен, оқу-тәрбие процесімен жан-жақты танысу мақсатында институтымызға келді.
Олар институт аумағын, оқу кабинеттерін, жатақханаларды, асхананы, спорт кешенін және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралап, курсанттарға жасалған жағдайлардың жоғары деңгейде екендігіне көз жеткізді. Курсанттардың әскери тәртібі, тазалығы және оқуға деген ынтасы ата-аналар тарапынан жоғары бағаланды.
Сонымен қатар ата-аналар комитетінің мүшелері институт бастығы полиция полковнигі Ғ.Есболаевпен кездесті. Кездесу өзара сыйластық пен ашықтық аясында өтті. Тараптар курсанттарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ ата-аналар мен оқу орны арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдары туралы пікір алмасты. Ата-аналар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Ата-аналар комитетінің мүшелері институт басшылығына және барлық профессорлық-оқытушылық құрамға курсанттарға сапалы білім мен тәрбие беріп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап отырғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, балаларының осындай білімді де тәртіпті, Отанға адал қызмет етуге дайын азамат болып қалыптасуына Институттың қосқан зор үлесін атап өтті.