Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ашық есік күні

7.06.2025

Мамандықты дұрыс таңдау – болашақ студент үшін маңызды кезең. 7 маусым күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Дүние колледжінің студенттеріне Ашық есік күнін өткізді.

Аталған шара студенттерге колледжді бітіргеннен кейін болашақта мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар алуға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға мүмкіндік берді.

Ашық есік күнін өткізуге жетекшілік еткен оқу орнының қызметкерлері ведомстволық оқу орнына түсу шарттары туралы ақпараттармен бөлісті.