Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ашық есік күні

22.05.2025

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Халықаралық балалар күніне орай балалар мен жасөспірімдерге экскурсия өткізілді.

Жас буын институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысып, кәсіби бағыт-бағдар алды.

Оқушылар институттың саптық алаңы, казармасы, криминалистикалық полигоны, спортзалы, мұражайын аралап, оларға Макаров тапаншасын, Калашников автоматын жартылай және толық бөлшектеуді де тәжірибеде тамашалады.
Кеңес Одағының батыры М. Бөкенбаевқа арналған мұражаймен танысу кезінде өткен тарихқа куә экспонаттарды тамашалап, рухани әсер алды.