Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ардагерлер – ел ұйытқысы

9.05.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында институт басшылығы ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, тылда жан аямай еңбек еткен ардагерлер Омар Балқатов пен Дәулетбай Құрманбаевтың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Ардагерлермен кездесу барысында институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Сахарбай бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы ардагерлердің өшпес ерлігі мен ерен еңбегінің жемісі екендігі, бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алатындығын тілге тиек етті.