Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ант қабылдау рәсімі.

28.10.2021

2021 жылғы 28 қазанда жасөспірімдерді ішкі істер органдары жүйесіне мектеп жасынан баулу және  тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы   № 41 мектеп-гимназиясы мен М.Дулатов атындағы № 63 мектеп-лицейінде жасалған меморандум шегінде ашылған кадет кластары жобасы бойынша аталған екі мектептің кадет кластарына алғаш қабылданған оқушылардың ант қабылдау рәсімі өтті. Биылғы жылы екі мектептен 62 кадет ант қабылдады.

Кадет класына қабылданған оқушылар болашақта тәртіп сақшысы болуды мақсат ететін жас буын қатарынан іріктеледі. Кадет класында оқу­ға ынтасын танытқан және сынақ тап­сыру барысында өздерінің талабы мен ұмтылысын іс жүзінде дәлелдеген, қатаң іріктеуден өткен 6 сынып оқушылары қабылданды.

Ант қабылдаған оқушыларға кадет куәлігі табысталды. Шара соңында институт басшылығы, мектеп басшылары сөз алып, олардан көп үміт күтілетіндігін жеткізіп, сәттілік тіледі. Шараға қатысқан жас жеткіншектер мен ата-аналары да ерекше жауапкершілікті сезінгендей әсер қалдырды.